"Бұл менің деңгейім емес". Әлем чемпионы Әлімханұлы салмағында өзін ең мықты деп атады

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес өз салмағында теңдесі жоқ екенін мәлімдеді. 

"Бұл менің деңгейім емес". Әлем чемпионы Әлімханұлы салмағында өзін ең мықты деп атады
worldboxingnews.com

Қарсыласын менсінбей сөйледі

Доминиканалық боксшы Карлос Адамес АҚШ-тың Орландо қаласында өткен жекпе-жекте америкалық Остин Уильямсты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген. Кездесуден кейін Адамес қарсыласының шеберлігіне аса жоғары баға берген жоқ. Керісінше Уильямстың өз деңгейіне сай келмейтінін ашық айтты.

“Құрметпен қараймын, бірақ ол менің деңгейімдегі боксшы емес. Сондықтан жекпе-жек алдында бұл оңай айқас болатынын айттым. Солай болды да”, — деді Адамес.

Әлем чемпионы өзін орта салмақтағы ең үздік боксшы санады

Жеңістен кейін Карлос Адамес тек қарсыласын сынап қоймай, өзінің қазіргі дивизиондағы орнын да нақтылап өтті. Оның сөзінше, дәл қазір орта салмақтағы ең мықты боксшы — өзі.

Доминиканалық чемпион бұл салмаққа сыймайды деген пікірлерге де жауап берді.

“Мен дәл қазір өзімді орта салмақтағы ең үздік боксшы ретінде сезінемін. Көп адам мені бұл салмаққа түсе алмайды деп ойлады. Бірақ мен бірінші орта салмақтың лимитіне де түсе аламын. Ал екінші орта салмақта да кез келгенімен жұдырықтаса аламын”, — деді ол.

Айта кетейік, дәл осы орта салмақта Қазақстан өкілі Жәнібек Әлімханұлы да чемпиондардың бірі саналады. Ол қазір WBO белбеуінің иегері.

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір