Төрехан Сабырхан қазақстандық боксшыны тістеп алған өзбекпен жұдырықтасты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны кезінде Төрехан Сабырхан өзбекстандық Хавасбек Асадулаевпен спарринг өткізді.

Төрехан Сабырхан қазақстандық боксшыны тістеп алған өзбекпен жұдырықтасты (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының бірлескен жиыны

Бокстан Қазақстан мен Өзбекстанның ерлер құрамалары Түркістан облысында бірлескен оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Екі елдің мықтылары ортақ дайындық аясында спаррингтер өткізіп, алдағы жарыстарға әзірлігін пысықтап жатыр.

Кезекті жаттығу күні рингке Қазақстан құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан мен Өзбекстан боксшысы Хавасбек Асадулаев көтерілді. Олардың оқу-жаттығу сипатындағы жекпе-жегінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Бұл спарринг неге назар аудартты?

Бұл кездесу қарапайым жаттығу жекпе-жегі болғанымен жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырды. Себебі Хавасбек Асадулаев есімі қазақстандық бокс жанкүйерлеріне бұрыннан таныс.

Өзбекстандық 2024 жылы Таиландтағы IBA Азия чемпионатының финалында Абылайхан Жүсіповпен қолғап түйістірген. Сол айқаста төрешілер жеңісті Асадулаевқа берген.

Алайда кейін сол финал үлкен дауға ұласты. Жекпе-жек барысында Хавасбек Асадулаевтың қарсыласын тістеп алғаны анықталып, соның салдарынан ол дисквалификацияға ұшырады.

Осы шешімнен кейін өзбек боксшысының алтын медалі кері қайтарылып, чемпион атағы қазақстандық Абылайхан Жүсіповке берілді.

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір