"Қазақстан барысы-2026": Қашан және қайда өтеді?

Сарапшы, спорт журналисі

Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлімдеме жасады. 

"Қазақстан барысы-2026": Қашан және қайда өтеді?
egemen.kz

"Қазақстан барысы – 2026" турнирі Семей қаласында өтеді. Абай облысында өткен ABAI OPEN республикалық дзюдо турнирінің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли осындай мәлімдеме жасады. 

"Биыл біз қараша немесе қазан айында "Қазақстан барысы – 2026" турнирін Семей қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз", — деді Берік Уәли.

Былтыр кім жеңімпаз атанды?

Қазақстан барысы" — қазақ күресінен елдегі ең беделді турнир саналады. Былтыр Астанада өткен басты додаға 43 балуан қатысқан болатын. Финалдық кездесуде Марат Байқамұров 2024 жылғы чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңіп, турнирдің жаңа чемпионы атанды. Ал қола жүлде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Нұрдәулет Жарлығаповқа бұйырды.

Марат Байқамұров жарысқа "Әскер Барысы" командасының атынан қатысса, Ерасыл Қажыбаев – Абай облысының, Нұрдәулет Жарлығапов – Маңғыстау облысының намысын қорғады.

Айта кетейік, өткен жылы жарыстың жүлде қоры 27 миллион теңгені құрады.