Top Rank Жәнібек Әлімханұлына арнайы үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемге танымал Top Rank промоутерлік компаниясы Жәнібек Әлімханұлының туған күніне орай арнайы құттықтау жариялады.

Top Rank Жәнібек Әлімханұлына арнайы үндеу жасады
instagram/@janibek_alimkhanuly

Америкалық промоутерлік компания чемпионды құттықтады

Боб Арум жетекшілік ететін ұйымның баспасөз қызметі орта салмақтағы WBO чемпионына әлеуметтік желі арқылы жылы лебізін жеткізді.

“Qazaq Style үшін бүгін ерекше күн. Туған күніңмен, Top Rank чемпионы — Жәнібек Әлімханұлы!” — деп жазылды компанияның Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталған. Бұл нәтижені VADA ұйымы өткізген тест көрсеткен.

Осыған байланысты Әлімханұлының WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтуі тиіс біріктіру жекпе-жегі тоқтатылды.

Чемпиондық белбеулер тағдыры қалай шешілді?

WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) қазақстандық боксшының чемпиондық атағын сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Алайда спортшы бір жылға дисквалификация алды.

Ал IBF (Халықаралық бокс федерациясы) 2026 жылдың наурыз айында ресми түрде Жәнібек Әлімханұлын өз нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуден айырды. Қазір WBO тарапынан берілген ресми шеттету мерзімі 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін күшінде.

Top Rank-пен серіктестіктің маңызы

Жәнібек Әлімханұлының кәсіби бокстағы жетістіктеріне Top Rank компаниясымен серіктестік үлкен әсер етті. Осы ұйымның қолдауымен қазақстандық боксшы қысқа уақыт ішінде WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ Top Rank оған ірі кештердің басты жекпе-жектеріне шығуға және белбеулерді біріктіру айқастарына қатысуға мүмкіндік берген.