ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақ таэквондошы Түркияда "алтын" жеңіп алды (ВИДЕО)

Антальяда Turkiye Open 2026 халықаралық турнирі мәреге жетті. 

Қазақ таэквондошы Түркияда "алтын" жеңіп алды (ВИДЕО)
olympic.kz

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Батырхан Төлеуғали барлық қарсыласын жеңіп, алтын медаль иемденді. Бұл жеңіс Қазақстан қоржынына түскен басты марапаттардың бірі болды.

Жарыстың қорытынды күнінде қазақстандық таэквондшылар төрт медаль жеңіп алды:

  • Эльдар Бірімбай - күміс (74 кг дейін)
  • Абылайхан Мергенбай - қола (63 кг дейін)
  • Бейбарыс Қаблан - қола (+87 кг)

Жүлделер жиынтығы

Турнир барысында қыздар құрамасы да 1 күміс, 4 қола жүлдемен жарысты қорытындылады. Жалпы турнирге 30 елден 600-ге жуық спортшы қатысты. 

  • Айдана Құмартаева - күміс (46 кг дейін)

Қола жүлде иегерлері:

  • Нодира Ахмедова, Айдана Сүндетбай (53 кг дейін)
  • Мария Севостьянова (57 кг дейін)
  • Назым Махмұтова (73 кг дейін)

Астанада ірі турнирлер өтеді

Еске салсақ, 2026 жылы Астана қаласы таеквондо бойынша бірқатар ірі халықаралық жарыстарды қабылдайды:

  • Altaic Cup - 22-23 маусым
  • Kazakhstan Open - 25-27 маусым
  • Grand Prix Final - 28-29 қараша

Сонымен қатар Қазақстанда 2027 жылы таэквондодан Әлем чемпионаты өтеді

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.