Ертуған Зейнуллинов қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Азия чемпионаты-2026 турниріндегі алғашқы айқасында сенімді жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов Моңғолия астанасы Ұлан-Батыррда өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 турнирінде жарқын жеңіске қол жеткізді.
Зейнуллинов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ертуған Зейнуллинов 1/8 финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ю Линмен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы толық басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті — 5:0.
Осылайша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ширек финалға жолдама алды.
Турнир туралы
Азия чемпионаты-2026 алғаш рет World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтуде. Құрлық додасы 10 сәуірге дейін жалғасады.
Қазақстан бұл жарысқа толық құраммен қатысуда:
- 10 ер боксшы
- 10 әйел боксшы