Азия чемпионаты: Қазақ қызы медальсіз қалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Тәжірибелі қарсылас Ұлжан Сәрсенбектің жолын кесті. 

Азия чемпионаты: Қазақ қызы медальсіз қалды (ВИДЕО)
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 турнирінде жүлдеден тыс қалды.

Ширек финалдағы жеңіліс

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ұлжан Сәрсенбек ширек финалда тайландтық Пунрави Руенроспен кездесті.

Жекпе-жек нәтижесі - 0:5. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдегі өнерін тоқтатты.

Қарсылас — әлемдік деңгейдегі боксшы

Ұлжан Сәрсенбектің қарсыласы Пунрави Руенрос — тәжірибелі әрі титулды боксшы:

  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2022, 2025)
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023)
  • Азия чемпионы (2024)
  • Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022)

Бұл жеңістен кейін Руенрос жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Азия чемпионаты-2026:

  • Ұлан-Батыр, Моңғолия
  • 10 сәуірге дейін жалғасады
  • World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтуде.