Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында жетінші медалін жеңіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкектегі Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында жетінші медалін жеңіп алды (ВИДЕО)
NUR.KZ

Қола үшін күрестегі сенімді жеңіс

Жарыстың соңғы күнінде 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз қола медаль үшін күресте жапониялық Такасі Исигуромен кездесті. Белдесу барысында Азамат бірнеше нәтижелі әдіс жасап, қарсыласынан айқын басым түсті. Қорытынды есеп — 6:0.

Осы жеңістен кейін Азамат Дәулетбековтің Азия чемпионаттарындағы жалпы көрсеткіші:

  • 3 алтын медаль
  • 1 күміс медаль
  • 3 қола медаль

Осылайша тәжірибелі балуан құрлық біріншіліктерінде жетінші рет тұғырға көтерілді.

Айта кетейік, ол 2025 жылға дейін 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.

Қазақстан құрамасы үшін алғашқы медаль

Дәулетбековтің бұл жүлдесі Бішкектегі турнирде Қазақстанның еркін күрес құрамасы үшін алғашқы медаль болды. 

Сондай-ақ, осы күні Болат Сақаев 86 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күрескен. Бірақ Бахрейн өкілі Хидир Сапудиновқа тартысты белдесуде 1:2 есебімен жол беріп, жүлдеден тыс қалды.