Жас болса да мықты: Едіге Қасымбек Азия чемпионатында бәрін таңғалдырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде түсті. 

Жас болса да мықты: Едіге Қасымбек Азия чемпионатында бәрін таңғалдырды (ВИДЕО)
olympic.kz

Қытай балуанын жеңді 

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Едіге Қасымбек қола медаль үшін қытайлық Бихурдунмен күш сынасты. Тартысқа толы белдесу 8:7 есебімен Қасымбектің пайдасына аяқталды. Осылайша қазақ балуаны құрлықтық додада алғашқы ересектер деңгейіндегі жүлдесін еншіледі. 

Бұл кездесудің тағы бір ерекшелігі — Едіге қарсыласынан әлдеқайда жас болды. Небәрі 19 жаста, ал оның қарсыласы 25 жаста. Соған қарамастан отандасымыз мінез көрсетіп, шешуші сәтте жеңісті жұлып әкетті.

Қасымбектің Азия чемпионатындағы жолы

Қазақ балуанының турнирдегі нәтижесі төмендегідей болды:

  • Іріктеу кезеңі: Намбардагва Батбаярды (Моңғолия) жеңді
  • Ширек финал: Хоссейн Аббас Зареден (Иран) жеңілді
  • Қола үшін белдесу: Бихурдунды (Қытай) 8:7 есебімен ұтты

Едіге Қасымбек бұл додаға кездейсоқ келген жоқ. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының финалында тәжірибелі әрі атақты балуан Әлішер Ерғалиды сенсациялық түрде жеңіп, ұлттық құрама сапынан орын алған еді. Осы нәтижеден кейін жас спортшы ересектер арасындағы Азия чемпионатында дебют жасау мүмкіндігіне ие болды.