ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместің жекпе-жек туралы сөзіне күлді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместің өзімен жұдырықтасқысы келетіні туралы мәлімдемесіне жауап берді.

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместің жекпе-жек туралы сөзіне күлді
instagram/@janibek_alimkhanuly

Доминикандық боксшы жақында берген сұхбатында Әлімханұлымен арадағы жағдай “жеке сипатқа ие” екенін айтып, бұл жекпе-жектің өткенін қатты қалайтынын жеткізген.

Қазір Қазақстанда жүрген Жәнібек бұл сөзге әзілмен қарады. Ол бұған дейін Адаместі біріктіру жекпе-жегіне шығуға көндіре алмағанын еске салды.

“Карлос Адамес әлі тынышталмапты ғой.

Біз Америкада болсақ — жекпе-жектен қашады, ал ауылда жүргенімізде: “Кел, төбелесейік” дейді. Өзі бір түсініксіз жігіт екен. Қалай айтсаң да, күлкілі.

Бірақ өмір осындай адамдармен қызық қой. Анда-санда бірдеңе айтып, күлдіріп, көңіл көтеріп қояды. Жарайсың, Адамес!” — деп жазды Жәнібек Instagram Stories парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместің жекпе-жек туралы сөзіне күлді

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан мельдоний табылуына байланысты бір жылдық дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Жақында боксшы командасының жазаны қысқарту немесе толықтай алып тастау үшін апелляция бергені белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.