Қазақстандық боксшы айқас алдындағы жаттығуын көрсетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Виктор Темиров Гамбургтегі айқасқа соңғы дайындықты пысықтауда. 

Қазақстандық боксшы айқас алдындағы жаттығуын көрсетті (ВИДЕО)
Offside.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Теміров (10-0, 7 КО) Германияда өтіп жатқан жаттығу процесінен видео жариялап, алдағы жекпе-жекке дайындығын көрсетті.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1 мамыр күні Гамбург қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Оның қарсыласы – венесуэлалық тәжірибелі спортшы Карлос Риверо (32-12-1, 21 КО).

Теміров әлеуметтік желідегі парақшасында рингтегі жаттығу сәттерін бөлісті. 

Кім көмектесуде?

Жаттығу барысында Теміровқа Германияда тұратын қазақстандық боксшы Артур Манн көмектесіп жатыр. 

Виктор Теміров соңғы рет ақпан айында рингке шыққан. Сол кездесуде ол неміс боксшысы Доменик Арнольдты техникалық нокаутпен жеңіп, WBF нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған еді.