Қазақ бокшсысы Азия чемпионатында төрешілер шешімімен жеңіске жетті (ВИДЕО)
Ташкентте бокстан U-15 және U-17 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр.
фото ашық дереккөздерден алынды
Бекхан Оразбай 1/8 финалда жеңіске жетті
52 келіге дейінгі салмақта U-17 санатында өнер көрсетіп жатқан Бекхан Оразбай 1/8 финалда қырғызстандық Байхан Алишеровпен жұдырықтасты.
Қарсыластар алғашқы раундтардан-ақ белсенді қимылдап, жекпе-жек тағдыры төрешілер шешіміне дейін жетті. Шешуші сәттерде қазақстандық боксшы басымдық танытып, айқасты өз пайдасына аяқтады.
Төрешілер жеңісті Қазақстан боксшысына берді
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен Бекхан Оразбайдың жеңісін тіркеді. Осылайша ол Азия чемпионатындағы жорығын жалғастырып, келесі айналымға өтті.
Айта кетейік, Ташкенттегі құрлықтық додада Қазақстан құрамасының жас боксшылары U-15 және U-17 санаттарында ел намысын қорғап жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet