Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында 5:0 есебімен жеңіске жетті (ВИДЕО)
Ташкентте бокстан U-15 және U-17 жас санатындағы құрлықтық дода жалғасып жатыр.
Нұрислам Оңалбек 1/8 финалда рингке шықты
57 келіге дейінгі салмақта U-17 санатында сынға түсіп жатқан Нұрислам Оңалбек 1/8 финалда Моңғолия өкілі Темужин Батзоригпен кездесті.
Жекпе-жектің алғашқы сәттерінен-ақ қазақстандық боксшы бастаманы өз қолына алды. Ол қарсыласына өз қарқынын ұсынды. Дәл соққыларымен көзге түсіп, барлық раундта белсенді қимылдады.
Төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді
Кездесу барысында Оңалбек қарсыласынан айқын басым болды. Рингтегі жағдайды толық бақылауда ұстап, моңғолиялық боксшыға мүмкіндік қалдырмады.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен Нұрислам Оңалбектің жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жас боксшылары U-15 және U-17 санаттарында ел намысын қорғап жатыр.