Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте төмен сырғыды
Отандасымыз үздік үштіктен шығып қалды.
Zakon.kz
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартқан әлемдік рейтингте Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова үздік үштіктен шығып қалды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы 3898 ұпаймен 5-орынға тұрақтады.
Осылайша, ол әлемдік рейтингтің ТОП-5 қатарына енгенімен, бұрынғы көшбасшылық позициясын жоғалтты.
ТОП-5 рейтингі
Жаңартылған тізім бойынша алғашқы бестік:
- Хуэй Синьран (Қытай) — 4985 ұпай
- Ширин Букли (Франция) — 4690
- Сабина Гилязова (Ресей) — 4603
- Лаура Мартинес Абеленда (Испания) — 4175
- Әбиба Әбужақынова (Қазақстан) — 3898
Әбужақынова 2025 жылдың соңына дейін әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған еді.
- 2025 жылғы 24 желтоқсанда — 5096 ұпаймен 1-орында болды
- 2026 жылдың наурыз–мамыр айларында позициясын жоғалтты
Бұған соңғы турнирлердегі нәтижелер әсер етті. Атап айтқанда, ол 2026 жылғы наурызда Австриядағы Гран-при кезеңінде 5-орынмен шектелді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet