Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі ресми түрде өтпейтін болды

Жекпе-жек шолушысы

Кәсіпқой боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың 9 мамырда Черногорияда өтуі тиіс жекпе-жегі ресми түрде кейінге қалды.

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі ресми түрде өтпейтін болды
vesti.kz

Жанкүйерлерге үндеу жасады

Боксшы жанкүйерлеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, дайындықтың тоқтамайтынын жеткізді.

“Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке қарай, Черногориядағы жекпе-жегім өтпейтін болды. Спортта мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз үшін ең маңыздысы — тоқтап қалмау. Дайындық жалғасып жатыр. Рингке шығып, сіздерді жеңіспен қуанту үшін бар күшімізді саламыз. Қолдауларыңызға көп рахмет! Барлығы Алланың қалауымен. Алға!” — деп жазды Қоңқабаев.

Қарсыласы кім болуы керек еді?

Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы 48 жастағы венесуэлалық Йонни Молина болуы тиіс еді. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 15 жеңіс, 15 жеңіліс, 1 тең нәтиже, 9 нокаут. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелді. Қазақстандық боксшы сәуір айының басында Ұлыбритания астанасы Лондонға барып, алдағы кездесуге дайындықты бастап кеткен.

Бұған дейін Қоңқабаевтың 24 мамырда Болтон қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін екені де айтылған.

Қоңқабаевтың жетістіктері

Қамшыбек Қоңқабаев — Қазақстан боксының танымал өкілдерінің бірі. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар әлем чемпионаттарында екі мәрте күміс медаль жеңіп алған:

  • 2017 жыл — әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 2019 жыл — әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 2017, 2019, 2021 және 2022 жылдары — Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2022 жылдың 25 наурызында Алматыда өткізді. Сол жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Фаррух Джураевты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.