Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының медалін жеңіп алды (ВИДЕО)
U15 санатында өнер көрсететін Сұлтанғали Нұрмахан ширек финалда сенімді жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына шықты.
Ширек финалдағы жекпе-жек
Сұлтанғали Нұрмахан Азия чемпионатының 37 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайбэй өкілі Юзе Ченмен кездесті. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Қазақ боксшысы екінші раундта айқын басымдық танытып, қарсыласын қатарынан бірнеше рет ауыр соққылармен тоқтатты.
Екінші раундта Нұрмахан қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсірді. Тайбэйлік боксшы жекпе-жекті жалғастыруға тырысқанымен төреші кездесуге тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға техникалық нокаутпен берді.
Нұрмахан – кемінде қола медаль иегері
Бұл жеңістен кейін Сұлтанғали Нұрмахан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Демек ол турнирде кемінде қола жүлде еншіледі.
Биылғы құрлықтық біріншілік соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі саналады. Ташкенттегі Азия чемпионатына 21 елден 460-тан астам жас боксшы қатысып жатыр.