Qazaqstan Barysy Grand Slam – 2026: Қазақстан медаль кестесінде нешінші орында?
Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam – 2026 турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды.
Медаль кестесіндегі үздік үштік
Алғашқы күннен кейін медаль саны бойынша көш басында Франция құрамасы тұр. Олар екі алтын және бір күміс жүлде жеңіп алды.
Қазір үздік үштік мынадай:
- Франция – 2 алтын, 1 күміс, 0 қола
- Моңғолия – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Нидерланд – 1 алтын, 0 күміс, 1 қола Өзбекстан – 1 алтын, 0 күміс, 1 қола
Қазақстан құрамасының нәтижесі
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінен кейін медаль кестесінде 6-орынға жайғасты.
Отандастарымыздың еншісінде әзірге екі жүлде бар: 1 күміс және 1 қола.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Талғат Орынбасар финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Ал осы салмақта өнер көрсеткен Шерзод Давлатов қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі 8-10 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.Байрақты бәсекеге әлемнің үздік дзюдошылары қатысуда.