Әмір Мұхит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Қазақстандық жас боксшы Әмір Мұхит Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті.

Әмір Мұхит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Қарсыласын толық бақылауда ұстады

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда үндістандық Карунг Албертсонмен қолғап түйістірді.

Әмір Мұхит рингтегі басымдықты бірден өз қолына алды. Қарсыласынан жылдам қимылдап, дәл соққыларымен көзге түсті. Үш раунд бойы айқас ырғағын бақылап, үндістандыққа өз жоспарын жүргізуге мүмкіндік берген жоқ.

Кездесу толық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандыққа берді.

Осылайша Мұхит Азия чемпионатының жартылай финалына өтіп, кемінде қола медаль місе тұтты. 

Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр

15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ұйымдастырылуда. Құрлықтық дода 15 мамырға дейін жалғасады.