Астана татамиіндегі драма: Талғат Орынбасар "алтыннан" соңғы сәтте айырылды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға бір табан жақын болған еді. 

Астана татамиіндегі драма: Талғат Орынбасар "алтыннан" соңғы сәтте айырылды (ВИДЕО)
instagram/@kaz_judoteam

Үміт ақталмады

Қазақстан жанкүйерлері Талғат Орынбасардан тарихи жеңіс күткен еді. Ол 60 келіге дейінгі салмақта финалға дейін сенімді жетіп, ел құрамасына алғашқы алтынды сыйлауға мүмкіндік алды. Дегенмен шешуші сәтте моңғол дзюдошысы Сухбат Буямбасурен мықтылық танытты.

Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан осы беделді турнирдің финалдық кезеңіне дейін жеткенімен шешуші белдесуде тағы да қарсыласына жол берді.

Орынбасардың Астанадағы Grand Slam финалына дейінгі жолы

1/16 финал:
  • Луис Барросо Лопес (Испания) — "юко" ұпайымен жеңіс
1/4 финал:
  • Мағжан Шамшадин (Қазақстан) — "юко" ұпайымен жеңіс
1/2 финал:
  • Янг Юн Вей (Қытайлық Тайбэй) — "юко" ұпайымен жеңіс

Сухбат Буямбасурен қазақстандықтарға оңай қарсылас болмады

Моңғолия өкілі бұл турнирде қазақстандық балуандар үшін нағыз "ыңғайсыз қарсыласқа" айналды. Бұған дейін ол Ұлан-Батыр Grand Slam турнирінде қола жүлде алғанымен Астанадағы жарыста әлдеқайда жоғары деңгей көрсетті.

Сухбат Буямбасурен жарыс барысында бірнеше қазақстандық дзюдошының жолын кесті. 1/16 финалда Сұңғат Нұрлатұлын ауыр белдесуде жеңсе, жартылай финалда Шерзод Давлатовтан айқын басым түсті.