Қазақстандық дзюдо жұлдызы Астанадағы Grand Slam турнирінде күтпеген шешім қабылдады

Футбол шолушысы

Мағжан Шамшадин Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде үшін белдесуге шыққан жоқ.

Қазақстандық дзюдо жұлдызы Астанадағы Grand Slam турнирінде күтпеген шешім қабылдады
instagram/@kaz_judoteam

Татамиге шықпады

8-10 мамыр аралығында елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam додасында Мағжан Шамшадин үшін жарыс сәтті өрбіді деуге болмас. 

60 келіге дейінгі салмақта жанкүйерлер қола жүлде үшін қазақстандық дзюдошылар арасындағы тартысты белдесуді күткен еді. Бұған дейін Шамшадин отандасы Талғат Орынбасардан жеңіліп қалған. Ал енді үшінші орын үшін Шерзод Давлатовқа қарсы татамиге шықпады.

Әзірге қазақстандық дзюдошының белдесуге не себепті қатыспағаны ресми түрде хабарланған жоқ. Дегенмен бұл шешімнің нәтижесінде Шерзод Давлатов Астанадағы элиталық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Давлатовтың Grand Slam қола медаліне дейінгі жолы

1/16 финал:

Турпал Хабибулаев (Ресей) — "иппон" әдісімен жеңіс

1/4 финал:

Андреа Карлино (Италия) — "юко" ұпайымен жеңіс

1/2 финал:

Сунхбат Буямбасурен (Моңғолия) — "иппон" әдісімен жеңіліс

Осылайша Давлатов жартылай финалдағы сәтсіздіктен кейін жұбаныш белдесуін өткізбей-ақ, қола медаль иеленді.

Қазақстандықтардың алдағы белдесулері

Астанадағы Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошылардың медаль үшін күресі әлі аяқталған жоқ. Алда тағы бірнеше маңызды белдесу бар.

Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін татамиге шығады. Сонымен қатар Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов 66 келіде, ал Меруерт Сәрсенова 52 келіде қола жүлде үшін белдеседі.