Қазақстандық боксшылар Белградтағы турнирдің финалына қалай шықты?
"Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды.
Белградта қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Жалпы бұл кезеңде ел намысын жеті боксшы қорғады. Нәтижесінде олардың үшеуі шешуші айқасқа шықты. Айта кетейік, екі қазақстандық боксшы қарсыластарының рингке шықпауына байланысты финалға тікелей өтті.
Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы нәтижелері
- 50 келі: Нұрзат Оңғаров — Кларк Висера (Филиппин)
Нәтиже: Висера төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
- 60 келі: Нұрасыл Төлебек — Эрик Арустамян (Армения)
Нәтиже: Төлебек төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
- 70 келі: Нұрбек Мұрсал — Вахид Аббасов (Сербия)
Нәтиже: Мұрсал қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңімпаз атанды.
- 80 келі: Нұрсұлтан Шілдебай — Александр Хижняк (Украина)
Нәтиже: Хижняк екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
- 85 келі: Аян Қалмағанбетов — Даниил Жасан (Украина)
Нәтиже: Жасан төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті.
- 90 келі: Ибрагим Бетаев — Богдан Толмачев (Украина)
Нәтиже: Бетаев қарсыласының рингке шықпауына байланысты финалға өтті.
- 90+ келі: Аслан Елдібайұлы — Берат Аджар (Түркия)
Нәтиже: Аджар төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Финалдық жекпе-жектер 17 мамырда өтеді.