"Қазақ титаны" WBC белбеуін нокаутпен жеңіп алды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Алмат Жұманов Эквадор астанасы Китода өткен кәсіпқой бокс кешінде WBC белбеуін сарапқа салды.

"Қазақ титаны" WBC белбеуін нокаутпен жеңіп алды (ВИДЕО)
instagram/@qazaqtitan

Титулдық жекпе-жектегі жеңіс

Алмат Жұманов бұл кездесуде венесуэлалық тәжірибелі боксшы Фелипе Лареске қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жектің басты жүлдесі — супер орта салмақтағы WBC Latino Silver чемпиондық белбеуі болды.

Айқас он раундқа жоспарланғанымен толық қашықтыққа созылған жоқ. Қазақ бокшсысы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кәсіби рекорды жаңарды

Осы жеңістен кейін Алмат Жұманов кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне жетіп, WBC ұйымының аймақтық белбеуін иеленді. Оның қазіргі рекорды — 9 жеңіс, 1 жеңіліс, 6 нокаут.

Ал Фелипе Ларес кәсіби мансабындағы он үшінші жеңілісіне ұшырады.