ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Даңқты балуан Қазақстан кубогын еншіледі (ВИДЕО)

Алматыда еркін күрестен Қазақстан кубогының 86 келіге дейінгі салмағында Азамат Дәулетбеков топ жарды.

Даңқты балуан Қазақстан кубогын еншіледі (ВИДЕО)
instagram/@azamat_dauletbekov

Шығыс Қазақстан облысының өкілі Азамат Дәулетбеков қарағандылық Асхаб Хаджиевпен кездесті.

Тартысты белдесуде Дәулетбеков қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. 

Дәулетбеков жартылай финалда маңғыстаулық Навруз Ахмедхановтан басым түскен. 

Азамат Дәулетбеков — қазақстандық еркін күрестің ең танымал өкілдерінің бірі. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының екі қола жүлдесі бар. Ол бұл медальдарды 2022 және 2023 жылдары Белградта өткен дүниежүзілік біріншіліктерде жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.