Том Лёффлер Геннадий Головкинмен болған кездесуге қатысты мәлімдеме жасады
Америкалық промоутер Головкиннің World Boxing ұйымындағы қызметі олимпиадалық боксқа жаңа серпін беретінін жеткізді.
Америкалық промоутер Том Лёффлер Мысырда Геннадий Головкин және оның ағасы Максим Головкинмен кездесті. Ұзақ жылдар бойы GGG-дің кәсіпқой бокстағы мансабын алға сүйреген промоутер бұл кездесу туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Лёффлер мен ағайынды Головкиндер Каирге 23 мамыр күні Гиза қаласында өтетін ірі бокс кешіне барған болатын. Украиналық Александр Усик нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувен қарсы шығады.
Осы шоу қарсаңында Том Лёффлер Геннадий және Максим Головкинмен бірге түскен суретін X әлеуметтік желісінде жариялап, бұрынғы серіктестерімен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.
Лёффлер: "Біз бокс тарихын бірге жаздық"
"Каирде Ring Magazine ұйымдастыратын үлкен шоу алдында GGG мен Максимді көргеніме қуаныштымын. Біз бокс әлемінде бірге тарих жаздық және әңгімелесетін тақырыбымыз көп болды. GGG World Boxing ұйымын басқарып отырған кезде олимпиадалық боксты қызықты кезеңдер күтіп тұр", — деп жазды Лёффлер.