Өзбекстандық қазақ боксшы Қазақстанда екінші турнирде жеңімпаз атанды

Бокс шолушысы

Алматыда Кеңес Одағының Батыры әрі "Халық Қаһарманы" Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті. Дүбірлі додада Өзбекстан атынан сынға түскен қазақ боксшы Мадияр Саидрахымов алтын медаль жеңіп алды.

Өзбекстандық қазақ боксшы Қазақстанда екінші турнирде жеңімпаз атанды
olamsport.com

Сайдрахымов финалда қазақ боксшысын жеңді

Мадияр Саидрахымов 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен финалда Бекболат Абдықарымды ұтты.

Саидрахымов — 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 2019 жылғы Дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы. Тәжірибелі боксшы бұл жолы да өзінің жоғары деңгейін дәлелдеп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл — Мадияр Саидрахымовтың Қазақстан жеріндегі екінші ірі жеңісі. Бұған дейін Түркістанда өткен беделді халықаралық жарыста да жеңімпаз болған.

Қазақ боксшылары да жүлдесіз қалған жоқ

Бұған дейін қазақстандық танымал боксшы Сәкен Бибосынов та Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған еді.

Аталған жарыс Қазақстан мен көршілес елдердің мықты былғары қолғап шеберлерін бір алаңда тоғыстырып, халықаралық деңгейдегі бәсекені күшейтті.