40-секундтағы сұмдық нокаут: Павлович бразилиялық файтерді талқандады (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Ресейлік ауыр салмақ өкілі Сергей Павлович Макаодағы UFC Fight Night 277 турнирінде жарқын жеңіске жетті.

40-секундтағы сұмдық нокаут: Павлович бразилиялық файтерді талқандады (ВИДЕО)
mmajunkie.usatoday.com

Бір минутқа да созылмаған жекпе-жек 

UFC Fight Night 277 турнирінің негізгі кардында Сергей Павлович бразилиялық Таллисон Тейшейрамен кездесті. Павлович бірінші раунд басталысымен шабуылға көшіп, қарсыласына қысым жасады. Ресейлік ауыр салмақты файтер қуатты соққылар сериясынан кейін Тейшейраны ауыр нокаутқа жіберіп, кездесуді 40-секундта аяқтады.

Осылайша Тейшейра ресейлік файтердің қысымына төтеп бере алмай, бірінші раундта жеңіліс тапты. Бұл нәтиже Макаодағы UFC кешіндегі ең жылдам әрі әсерлі нокауттардың бірі болды.

ММА-дағы статистикасы

Осы жеңістен кейін Сергей Павловичтің кәсіби ММА-дағы көрсеткіші 21 жеңіс пен 3 жеңіліске жетті. Ал 26 жастағы Таллисон Тейшейра мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде 9 жеңіс бар.

Павлович бұл жеңісі арқылы UFC-дің ауыр салмақ дивизионында әлі де қауіпті үміткерлердің бірі екенін көрсетті. Қысқа уақытта тіркелген нокаут оның чемпиондық амбициясын қайта еске салды.