Бақыт Сәрсекбаев Еуропада тағы үздік атанды

Жекпе-жек шолушысы

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македониядағы халықаралық жарыста үш алтын медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды

Бақыт Сәрсекбаев Еуропада тағы үздік атанды
instagram/@u19_kazakhstan

Жалпыкомандалық есептегі жеңіс

Солтүстік Македонияда бокстан Мирослав Петрович атындағы халықаралық турнир мәреге жетті. Қазақстан жастар құрамасы бұл бәсекеде сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Команданы жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев бастап барды. Қазақстандық боксшылар турнир қорытындысы бойынша үш алтын медаль жеңіп алды.

Турнир жеңімпаздары:

  • 55 келі: Арман Мырсәбит
  • 65 келі: Нұрмұхамед Алдаберген
  • 75 келі: Шамсат Лесбай

Сәрсекбаев үздік бапкер атанды

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық маман Бақыт Сәрсекбаев турнирдің үздік бапкері атағына ие болды. Оның шәкірттері Солтүстік Македониядағы бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасын жалпыкомандалық есепте көш бастатты.

Сонымен қатар Шамсат Лесбай турнирдің үздік боксшысы деп танылды. 75 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы қарсыластарынан айқын басым түсіп, мамандардың жоғары бағасына ие болды.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев бұған дейін Сербияда өткен халықаралық турнирде де үздік бапкер атанған еді. Сол жарыста да оның жетекшілігіндегі Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше алтын медаль жеңіп алды.