Әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов қытайлық қарсыласын тас-талқан етті

Футбол шолушысы

Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing Әлем кубогы басталған болатын. 

Әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов қытайлық қарсыласын тас-талқан етті
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жергілікті спортшы Сяобао Ванды сенімді түрде жеңді.

Аққалықов 1/16 финал кезеңінде Қытай өкілі Сяобао Ванмен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 5:0.

Аққалықов келесі кезеңге шықты

Бұл жеңістен кейін Сабыржан Аққалықов 1/8 финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов — Қазақстан құрамасындағы тәжірибелі әрі болашағы зор боксшылардың бірі. Ол 2025 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Сонымен қатар Аққалықов 2021 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарып, алтын медаль жеңіп алды.