Айбек Оралбай алтынға бір қадам жақындады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан құрамасының капитаны Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының финалына жолдама алды.

Айбек Оралбай алтынға бір қадам жақындады (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Жартылай финалда бразилиялықты жеңді

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы жартылай финалда бразилиялық Жоэл Рамоспен жұдырықтасты.

Жекпе-жек оңайға соқпады. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Айбек Оралбайға берді. Осылайша қазақ боксшысы мінез көрсетіп, финалға шықты.

Үшінші раундтағы нокдаун

Кездесудің шешуші сәті үшінші раундта болды. Айбек Оралбай дәл соққы жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді. Бұл эпизод төрешілер шешіміне де әсер етіп, қазақстандық боксшының жеңісіне жол ашты.

Енді Оралбай Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін шаршы алаңға шығады. Финалда германиялық Никита Путилов пен өзбекстандық Арман Маханов арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Айбек Оралбай финалға дейін де сенімді өнер көрсетті. Бұған дейін америкалық Нажай Райт пен британиялық Мэтью Уильямсты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.