Қазақстандық боксшылардың Әлем кубогындағы финал кестесі жарияланды
Қытайдың Гуйян қаласындағы World Boxing ұйымының Әлем кубогында қазақстандық боксшылардың финалдық кездесулер уақыты белгілі болды.
Финалда бес боксшымыз жұдырықтасады
Қазақстан құрамасынан бес боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады. Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов және Айбек Оралбай финалға жолдама алды. Әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай мен Виктория Графеева шешуші жекпе-жекте өнер көрсетеді.
Финалдық кездесулер 21 маусымда өтеді.
Финалдағы жекпе-жектер кестесі
- 09:15. Әйелдер, 54 келі:
Назым Қызайбай — Сирин Шаараби, Италия
- 09:30. Әйелдер, 60 келі:
Виктория Графеева — Линь Юйтин, Тайвань
- 10:15. Ерлер, 70 келі:
Абылайхан Жүсіпов — Дипак, Үндістан
- 15:30. Ерлер, 50 келі:
Санжар Тәшкенбай — Асилбек Жалилов, Өзбекстан
- 16:45. Ерлер, 90 келіден жоғары:
Айбек Оралбай — Никита Путилов, Германия
Айта кетейік, Гуйяндағы Әлем кубогына Қазақстан құрамасы бастапқыда 17 боксшымен барған. Олардың тоғызы – ерлер, сегізі – әйелдер құрамасының өкілдері.