Қазақстан Әлем кубогында Өзбекстаннан озып кетті

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласындағы World Boxing Әлем кубогында жалпы командалық медаль есебі бойынша үздік үштіктен көрінді. 

Қазақстан Әлем кубогында Өзбекстаннан озып кетті
Instagram/@boxingkazakhstan

Қытай көш бастады, Қазақстан екінші орын алды

Жарыс барысында қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпы 8 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 5 алтын және 3 қола жүлде бар.

Медаль кестесінде бірінші орын турнир қожайындары — Қытай құрамасына бұйырды. Олар жалпы 9 медаль иеленді: 5 алтын, 1 күміс және 3 қола.

Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша Қытаймен тең түсті. Бірақ жалпы жүлде саны мен күміс медаль көрсеткіші бойынша қытайлықтар алға шықты.

Үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Өзбек боксшылары турнирде 11 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 3 күміс және 4 қола. Дегенмен алтын жүлде саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан басым түсті.

Қазақстанға алтын әкелген боксшылар

Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алтын медаль салғандар:

  • Санжар Тәшкенбай — 50 келі
  • Абылайхан Жүсіпов — 70 келі
  • Айбек Оралбай — 90 келіден жоғары
  • Назым Қызайбай — 54 келі
  • Виктория Графеева — 60 келі

Қазақстан құрамасының қола медаль иегерлері:

  • Аида Әбікеева — 65 келі
  • Валерия Аксенова — 80 келі
  • Дина Исламбекова — 80 келіден жоғары