Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Футбол шолушысы

Шерзод Давлатов финалдық белдесуде франциялық спортшыдан басым түсті. 

Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Франция өкілін мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстандықтар бір салмақта екі медаль алды

60 келіге дейінгі салмақта тағы бір қазақстандық дзюдошы Нұрәділ Әлжан да жүлдегер атанды.

Ол қола медаль үшін белдесуде өз отандасы Сұңғат Нұрлатұлымен кездесті. Бұл айқаста Нұрәділ Әлжан жеңіске жетіп, жарыстың қола жүлдесін иеленді.

Карина Такиева жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Алайда шешуші белдесуде қазақстандық дзюдошы Португалия өкілі Рошель Нунеске есе жіберді. Нәтижесінде Такиева жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.

Еске сала кетейік, Прагадағы турнир 28 маусымда аяқталады.