Бекзат Алмаханның UFC-ден кететіні айтылды

Бокс шолушысы

Қазақстандық файтер жуырда Бакуде өткен турнирде бразилиялық Жан Мацумотоға жеңілген болатын.

Бекзат Алмаханның UFC-ден кететіні айтылды
NUR.KZ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-дегі үшінші жеңілісінен кейін промоушеннен кетуі мүмкін. Чехиялық ММА шолушысы Павел Трбушек отандасымыздың болашағына қатысты болжам жасап, оны Oktagon лигасында көруге болатынын айтты.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Бекзат Алмахан 27 маусымда Әзербайжан астанасы Бакуде өткен UFC турнирінде октагонға шықты. Қазақстандық спортшы бразилиялық Жан Мацумотомен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілген болатын. Бұл — Алмаханның UFC-дегі қатарынан екінші жеңілісі.

Алмаханның UFC-дегі көрсеткіші нашарлады

Жан Мацумотодан ұтылғаннан кейін Бекзат Алмаханның UFC-дегі рекорды 1 жеңіс және 3 жеңіліске өзгерді. Жалпы кәсіби ММА мансабындағы көрсеткіші — 12 жеңіс және 4 жеңіліс.

Әлемдегі ең ірі ММА промоушенінде мұндай статистика спортшының алдағы тағдырына әсер етуі мүмкін. Әсіресе жеңіл салмақтағы жоғары бәсеке жағдайында UFC ростеріндегі орынды сақтап қалу оңай емес.

Чехиялық шолушы не деді?

ММА шолушысы Павел Трбушек әлеуметтік желіде Бекзат Алмаханның UFC-дегі жағдайына қатысты пікір білдіріп, қазақстандық файтерге промоушендегі матчмейкинг жағынан сәттілік жетіспегенін жеткізді. 

"Бекзат Алмахан мен үшін жеңіл салмақтағы топ деңгейдегі файтер. Өкінішке қарай, UFC-де оған матчмейкинг жағынан жолы болмады. Қазір оның рекорды 1-3, және бұл оның UFC-дегі мансабының соңы болуы мүмкін. Oktagon үшін ол Қазақстаннан шыққан тағы бір қызықты файтер болар еді", — деп жазды Павел Трбушек X әлеуметтік желісінде.

Oktagon-да қазақстандықтар бар

Қазіргі таңда Oktagon ұйымында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар — Жалғас Жұмағұлов және Дастан Амангелді.