WBO рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" өкшелеп келеді

Бас редактор

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақтағы WBO рейтингінде бірден екінші орынға көтерілді. 

WBO рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" өкшелеп келеді
Vesti.kz

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы рейтингінде жоғары орынға жайғасты. Отандасымыз Дүниежүзілік бокс ұйымының жаңартылған рейтингінде екінші орынға орналасты. Бұл тізімде мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альварес көш бастап тұр.

Қазір бұл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы – британиялық Хамза Шираз. Жәнібектің рейтингте екінші орынға көтерілуі оны алдағы уақытта чемпиондық жекпе-жекке жақындатуы ықтимал.

Еске сала кетейік, биыл шілде айында Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартқан болатын. Ол бұл шешімді суперорта салмаққа ауысу үшін қабылдады.