ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Канелоны шайнамай жұтамын" : Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдіріп, өзіне толық сенімді екенін айтты.

"Канелоны шайнамай жұтамын" : Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады
instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой боксшы мексикалық жұлдызбен кездесуден тайсалмайтынын айтып, өз мүмкіндігін жоғары бағалады.

“Кей жанкүйерлердің көкейінде Жәнібек Канелоны ұта алады ма екен деген сұрақтар бар сияқты? Егер Канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда оны шайнамай жұтамын! Құдай тәкаппарлықтан сақтасын, сенімді түрде айтайын мен өз деңгейімді және оның деңгейін өте жақсы білемін! Қазақтар осал емес! Кәсіпқой бокста өз орнымыз бар ұлтпыз.

Тілеулес жанкүйердің бәріне мың алғыс! Біз енді басқаша болып ораламыз. Суперорта салмақтың ағысын өзгертуге келдік”, – деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Спортшының қазіргі жағдайы

Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде суперорта салмаққа ауысып, орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартқан болатын. Қазіргі таңда 33 жастағы боксшы допинг сынамасына байланысты алған дисквалификациясын өтеп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.