ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Арман Царукян RAF 14 турнирінде титулға таласпақ

3 қазан күні ол Лас-Вегаста өтетін RAF 14 турнирінде америкалық Диллон Дэниспен кездеседі.

Арман Царукян RAF 14 турнирінде титулға таласпақ
Offside.kz

Кәсіби күрес лигасы Real American Freestyle алдағы RAF 14 турниріндегі басты жекпе-жектердің бірін ресми түрде жариялады. Турнир аясында Арман Царукян мен Диллон Дэнис орта салмақтағы RAF Crossover титулы үшін белдеседі.

Арман Царукян бұған дейін Real American Freestyle лигасында жеті жеңіске жеткен. Алайда 18 шілде күні Милуокиде өткен RAF 11 турнирінде ол крузервейт салмағындағы титул үшін Колби Ковингтонмен белдесіп, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

UFC-де де маңызды жекпе-жек өткізеді

Диллон Дэниспен кездесуге дейін Царукян UFC октагонына қайта оралады.

19 қыркүйек күні армян спортшысы Лос-Анджелесте өтетін UFC 331 турнирінде бразилиялық Маурисио Руффимен жекпе-жек өткізеді. 

Өз кезегінде Диллон Дэнис Real American Freestyle лигасында екі белдесу өткізіп, екеуінде де жеңілді. Алдымен америкалық спортшы Колби Ковингтонға мерзімінен бұрын есе жіберді. Кейін Хамзат Чимаевтан жеңіліс тапты.

Бұл туралы не ойлайсыз?