ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия ойындары алдында тосын қадамға барды (ФОТО)

Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезекті маңызды кезеңіне кірісті.

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия ойындары алдында тосын қадамға барды (ФОТО)
instagram.com/boxingkazakhstan/

Алматы облысындағы жиын 

Оқу-жаттығу жиыны Алматы облысының Жаңашар ауылында өтіп жатыр. Дайындық кезеңі 19 тамызда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан құрамасынан бөлек, жиынға Ирак, Қытай және Англияның былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр. Жаттығу бағдарламасының негізгі бөлігі боксшылардың арнайы физикалық дайындығын күшейтуге бағытталған.

Жиын барысында қазақстандық боксшылар әртүрлі стильдегі шетелдік қарсыластармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Мұндай формат Азия ойындары кезінде кездесуі ықтимал қарсыластардың мәнеріне бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар бапкерлер штабы боксшылардың техникалық және тактикалық дайындығына ерекше көңіл бөліп отыр.

Яғни ұлттық құрама үшін бұл кезең тек физикалық форма жинау емес, алдағы басты жарысқа тактикалық тұрғыдан бейімделудің де маңызды бөлігі болмақ.

Ұлттық құрама Жапонияға аттанады

Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының боксшылары қыркүйектің алғашқы күндерінде Жапонияға жол тартады. Ұлттық команданың Азия ойындары алдындағы қорытынды дайындығы сол елде өтеді.

Осылайша қазақстандық боксшылар басты дода басталғанға дейін жергілікті жағдайға, климат пен уақыт белдеуіне алдын ала бейімделуге мүмкіндік алады.

Ұлттық құрама бұған дейін АҚШ-та 36 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізген. Командалар елге 8 тамызда оралды. 

Азия ойындары-2026 қашан өтеді?

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылады. Ал бокстан жарыстар 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанда аяқталады.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында дәстүрлі түрде жүлдеден үміткер командалардың бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.