ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақ балуаны әлем чемпионы атағы үшін таласады (ВИДЕО)

Қазақстандық еркін күрес шебері Братиславада 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Қазақ балуаны әлем чемпионы атағы үшін таласады (ВИДЕО)
фото ашық дереккөзден алынды

Қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты

Қазақ балуаны іріктеу кезеңінде қытайлық Ан Люді тізе бүктірді. Одан кейін 1/8 финалда украиналық Артем Тиснохуздан, ал ширек финалда ресейлік Зелимхан Чаниевтен басым түсті.

Бір қызығы, Асамбек аталған үш белдесудің барлығын бірдей 10:0 есебімен аяқтады. Осылайша қарсыластарына бірде-бір ұпай бермей, жартылай финалға жетті.

Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Асамбек жапониялық Ицуки Енасиросымен күш сынасты. Бұл жолғы белдесу алдыңғы кездесулерге қарағанда әлдеқайда тартысты өтті. Соған қарамастан қазақстандық боз кілем шебері шешуші сәттерде басымдық танытып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы нәтижеден кейін Бекасыл Асамбек 61 келі салмақта U20 әлем чемпионатының финалына шықты.

Әлем чемпионы 21 тамызда анықталады

Қазақ балуаны алтын медаль үшін шешуші белдесуін 21 тамызда өткізеді. Осылайша 18 жастағы Асамбектің енді әлем чемпионы атануына бір ғана жеңіс жетпей тұр.

Жас балуан бұған дейін халықаралық аренада бірнеше ірі жетістікке жеткен:

2022 жылы U15 Азия чемпионы – 48 келі;
2023 жылы U15 Азия чемпионы – 52 келі;
2024 жылы U17 Азия чемпионатының күміс жүлдегері – 60 келі;
2025 жылы U17 Азия чемпионы – 60 келі;
2025 жылы U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері – 60 келі;
2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының жеңімпазы – 60 келі;
2026 жылы U20 Азия чемпионы – 61 келі.

Бекасыл Асамбек – Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.