Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлем чемпионатында кездеседі

Черногорияның Будва қаласында өтетін 2026 жылғы 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлем чемпионатында кездеседі
instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандықтар кімдермен кездеседі?

16–27 қазан аралығында ұйымдастырылатын әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 20 боксшы қорғайды. Олардың 10-ы – ұл, қалған 10-ы – қыздар.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандықтарға Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының өкілдері қарсылас атанды. Атап айтқанда, 75 келіде өнер көрсететін Әмір Рамазан алғашқы жекпе-жегін өзбекстандық Сухроб Рахматуллаевқа қарсы өткізеді.

Ұлдар арасындағы жеребе нәтижелері

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:

50 келі: Әділ Асқанбай – Михаил Сидоренко (Украина) / Безірген Аннаев (Түрікменстан);
55 келі: Айдос Үсенов – Рэзван Йонуц Пэнаите (Румыния);
60 келі: Данияр Ақбісенов – Рубин Кларксон (Шотландия) / Сандро Капанадзе (Грузия);
65 келі: Ақжүрек Қалабай – Кунь Ван (Қытай);
70 келі: Бибарыс Әшірбай – Сантьяго Хименес Лоссо (Аргентина);
75 келі: Әмір Рамазан – Сухроб Рахматуллаев (Өзбекстан);
80 келі: Тимур Тайбеков – Гонсалу Родригеш (Португалия);
85 келі: Руслан Ахметов – Николай Иванов (Болгария);
90 келі: Еркетан Жарқынбек – Атанасиос (Грекия) / Рамиро Нуньес (Мексика);
90 келіден жоғары: Владислав Саможонов – Хакан Дениз Джошкун (Түркия).

Қыздар арасындағы жеребе нәтижелері

Қазақстанның қыздар құрамасы да әлем чемпионатында 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Алғашқы қарсыластар тізімі:

48 келі: Жадыра Қалтай – Сиана Нонхфала (АҚШ) / Хамест Африкян (Армения);
51 келі: Мәдира Жұмақан – Корин Мари Фави (Италия) / Доминика Внукова (Словакия);
54 келі: Жанель Имантаева – Рози Свейлес (Шотландия) / София Нтилу (Грекия);
57 келі: Алина Құдайгенова – Мейра Алвес (Бразилия);
60 келі: Индира Қыдырмолдаева – Азизахон Пазилова (Қырғызстан);
65 келі: Айсұлу Мұхит – Мариан Тессье (Канада);
70 келі: Камила Оспанова – Лорена Хорват (Хорватия);
75 келі: Алтынгүл Аймахан – Шэнцзе Гон (Қытай) / Аншика (Үндістан);
80 келі: Айдана Убайдуллақызы – София Новикова (Украина);
80 келіден жоғары: Зарина Толыбай – Франсис Таафаки (Тувалу).

Айта кетейік, кейбір қазақстандық боксшылардың қарсыласы әзірге нақты анықталмаған. Олардың кіммен жұдырықтасатыны турнир торындағы алдыңғы кездесулердің нәтижесіне байланысты белгілі болады.

19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 16–27 қазан күндері Черногорияның Будва қаласында өтеді.

Бұл – халықаралық World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін U-19 санатындағы екінші әлем біріншілігі.

Бұл туралы не ойлайсыз?