Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елдос Сметов отандасымен медальға таласады

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін өзара белдесетін болды.

Елдос Сметов отандасымен медальға таласады
sportarena.kz

Қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ширек финалда әзербайжандық Балабей Ағаевтан жеңіліп қалды.

Бірақ дзюдошымыз жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесюкті жеңіп, қола медаль үшін өтетін шешуші кездесуге жолдама алды.

Осы салмақта ел намысын қорғаған Талғат Орынбасар да жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Ол жартылай финалда тәжікстандық Лоик Құдбудиновқа есе жіберді.

Сөйтіп Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін бір-біріне қарсы татамиге шығады. Бұл кездесуде жеңіске жеткені ел қоржынына медаль салады.

Ғұсман Қырғызбаев жарысты аяқтады

Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ғұсман Қырғызбаев жүлдесіз қалды. Ол ширек финалда тәжікстандық Искандар Махмадходжазодадан жеңіліс тапты. Кейін жұбаныш кезеңінде әзербайжандық Рашад Елкиевпен кездесіп, жол берді.

Нәтижесінде Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін медальсыз аяқтады.

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Grand Slam – әлемнің үздік дзюдошылары бас қосатын халықаралық беделді жарыстардың бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?