Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елдос Сметов Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалына шықты

Келесі белдесуде Сметов әзербайжандық Балабай Ағаевпен кездеседі. 

Елдос Сметов Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалына шықты
Vesti.kz

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде екі кездесу өткізіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін әзербайжандық Балабай Ағаевпен белдеседі.

Сметов екі қарсыласын жеңді

1/16 финалда Елдос Сметов Тәжікстан өкілі Мехрзода Суфиевтен басым түсті.

Келесі кезеңде ол қытайлық Ма Юйлиньді жеңіп, ширек финалға шықты.

Келесі белдесуде Сметов әзербайжандық Балабай Ағаевпен кездеседі. Медальдар сарапқа салынатын белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Олимпиададан кейінгі үшінші турнир

Абу-Дабидегі жарыс Сметов үшін Олимпиада "алтынынан" кейінгі үшінші турнир болып отыр.

2026 жылдың қыркүйегінде ол Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Ал маусымда Қытайдың Циндао қаласында өткен Гран-приде қола жүлде үшін белдесуде жеңіліп, медальсыз қалған.

Grand Slam турнирлерінде бес медалі бар

Елдос Сметов мансабында Grand Slam сериясындағы жарыстарда бес медаль иеленген: 

  • 2018 жылы Екатеринбургте алтын;
  • 2019 жылы Парижде күміс;
  • 2021 жылы Ташкентте күміс;
  • 2020 жылы Парижде қола;
  • 2024 жылы Астанада қола медаль жеңіп алды.
Бұл туралы не ойлайсыз?