Рыбакина Токиодағы турнирде өзіне керемет нәтиже қамтамасыз етті
Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін қазақстандық теннисші WTA Чемпиондық жарысында бәсекелестеріне жеткізбейтін басымдыққа ие болды.
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылды WTA рейтингінің көш басында аяқтайтынына кепілдік алды. Бұл Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін белгілі болды. Жуырда ғана ол 2026 жылдың соңына басты тілегін айтқан еді.
Путинцеваны екі сетте жеңді
Қазақстандық теннисшілер арасындағы кездесу Рыбакинаның пайдасына 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Осы жеңістен кейін Рыбакина WTA Чемпиондық жарысында бәсекелестеріне жеткізбейтін басымдыққа ие болды.
Ширек финалда Елена Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Рыбакинада 8099 ұпай бар
Қазіргі таңда Елена Рыбакинаның еншісінде 8099 ұпай бар.
Оның ең жақын қарсыласы, Беларусь өкілі Арина Соболенко 6550 ұпай жинаған.
Айта кетейік, 2026 жылғы маусым Рыбакина үшін табысты өтіп жатыр.
Қазақстандық теннисші биыл:
- Australian Open;
- US Open;
- Штутгарттағы турнир;
- Нинбодағы турнирдің чемпионы атанды.