Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақ балуаны ӘЧ финалына бір қадам жетпей тоқтады

Еркін күрес шебері Асыл Айтақын Астанадағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліс тапты.

Қазақ балуаны ӘЧ финалына бір қадам жетпей тоқтады
Спортты дамыту дирекциясы

Әлемдік рейтингтің екінші нөмірімен белдесті

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүрген Асыл Айтақын финал жолдамасы үшін ирандық Ахмад Джаванмен кездесті.

Қарсыласы – Біріккен күрес әлемі (UWW) рейтингінде екінші орында тұрған тәжірибелі балуан. Ол 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия біріншіліктерінің екі дүркін қола медаль иегері.

Тартысты өткен белдесуде ирандық балуан басымдық танытып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Ахмад Джаван әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. Ал Асыл Айтақын қола жүлде үшін күресін жалғастырады.

Қазақ балуаны жартылай финалға қалай жетті?

Асыл Айтақын Астанадағы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін үш қарсыласын жеңді.

  • Алғашқы белдесу: қырғызстандық Омурбек Асана уулудан 4:0 есебімен басым түсті.
  • 1/8 финал: әзербайжандық Нураддин Новрузовты тартысты кездесуде 5:4 есебімен жеңді.
  • Ширек финал: германиялық Хорст Лерді 8:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

61 келі салмақтағы жүлделі орындар үшін белдесулер 31 қазанда сағат 18:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?