Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қырғызстандық файтер Жапонияда сенсация жасады

ММА шебері Ырысбек Тіленов RIZIN 55 турнирінде Наоки Иноуэні жеңіп, кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне жетті.

Қырғызстандық файтер Жапонияда сенсация жасады
sport.kg

Жапониядағы турнирде топ жарды

Жапонияның Тиба қаласында ұйымдастырылған RIZIN 55 аралас жекпе-жек кешінде қырғызстандық Ырысбек Тіленов (8-1) тәжірибелі жапониялық файтер Наоки Иноуэмен (21-5) октагонға шықты. Аса жеңіл салмақ дәрежесінде өткен кездесу үш раундқа жоспарланды. Тартысты жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті Ырысбек Тіленовке берді.

Қырғызстандық файтер қатарынан сегізінші жеңісіне жетті

Бұл табыстан кейін Ырысбек Тіленовтің кәсіби ММА-дегі көрсеткіші 9 жеңіс пен 1 жеңіліске жетті. Ал оның қарсыласы Наоки Иноуэ мансабында алтыншы рет жеңіліс тауып, рекорды 21-6 болып өзгерді.

Айта кетейік, Тіленов осымен қатарынан сегізінші жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсті.

Қырғызстандық файтер кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісін 2022 жылдың желтоқсанында тіркеген. Ол кезде Ырысбек небәрі екінші кәсіби кездесуін өткізген. Содан бері Тіленов жеңілістің ащы дәмін татпай, сегіз жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?