Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан кураштан әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы кураштан Астанадағы әлем чемпионатын 11 медальмен аяқтады.

Қазақстан кураштан әлем чемпионатында үш алтын жеңіп алды
sportarena.kz

Үш балуанымыз әлем чемпионы атанды

Елордадағы әлемдік додада 60-тан астам елден келген 400-ге жуық балуан бақ сынады. Қазақстан сапынан Айбатыр Миразат, Назерке Тілеуханова және Әлбина Бахиева өз салмақтарында қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль еншіледі.

Қазақстандық тағы алты балуан финалға дейін жетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Күміс жүлдегерлер:

  • Зарина Сарипова – 63 келі;
  • Асылжан Орынбасарова – 70 келі;
  • Темірлан Сағындықов – 73 келі;
  • Ақбота Қыдыралі – 78 келі;
  • Әділет Ахметғали – 81 келі;
  • Ғалымжан Қырықбай – 120 келіден жоғары.

Қола жүлдегерлер:

  • Бейбарыс Нұғыманов – 90 келі;
  • Данил Федоров – 100 келі.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы медальдар санын 11-ге жеткізіп, командалық есепте үздік екіліктен көрінді.

Астанадағы әлем чемпионатында рекорд тіркелді

Астана кураштан әлем біріншілігін алғаш рет қабылдады. Турнир қатысушы елдер саны бойынша жарыс тарихындағы рекордты жаңартты.

Кураш – Орталық Азияда, қазіргі Өзбекстан аумағында қалыптасқан дәстүрлі күрес түрі.

Бұл туралы не ойлайсыз?