Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Екі нокдаун және айқын жеңіс: Әшірбай Олимпиада жүлдесін иемденді

Қазақстандық боксшы Дакарда жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 турнирінің жартылай финалына шықты.

Екі нокдаун және айқын жеңіс: Әшірбай Олимпиада жүлдесін иемденді
olympic.kz

Қарсыласына мүмкіндік қалдырмады

70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Әшірбай Бангладештен келген Нойон Трипура Джанимен жұдырықтасты. Кездесу бойы басымдық танытқан қазақ боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 5:0. Төрешілер жекпе-жекті 30:26, 30:23, 30:26, 30:26, 30:26 есебімен бағалады.

Екінші және үшінші раундтарда рефери Джаниге нокдаун санады. Осылайша Әшірбай жартылай финалға жолдама алып, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Боксшылар екінші жүлдені қамтамасыз етті

Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға өтіп, Қазақстанға осы Олимпиаданың бокс турниріндегі алғашқы жүлдені қамтамасыз еткен еді.

Әшірбайдың жеңісінен кейін ұлттық құраманың қоржынына түсетін бокс жүлделерінің саны екеуге жетті. Сонымен қатар Қазақстан атынан Марал Төлепберген 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр.

Жасөспірімдер Олимпиадасының бокс бәсекелері 7–12 қараша аралығында World Boxing ұйымының аясында өтеді. Турнирге 73 елден 114 боксшы қатысуда. Олар ерлер мен әйелдер арасында бес-бестен, жалпы он салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?