Аманжол Өтеуов Бішкекте нокаутпен жеңілді
Қазақстандық ММА шебері Бішкекте Octagon 93 турнирінде қырғызстандық Бакберген Убакировтан жеңілді.
Айқас бірінші раундта шешілді
Кездесуге дейін қос файтер де кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген еді. Дегенмен бұл жолы Өтеуовтің жеңісті сериясы үзілді.
Бірінші раундтың орта тұсына қарай Убакиров жойқын соққысымен қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Рефери кездесуді тоқтатып, қырғызстандықтың мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін тіркеді.
Өтеуов мансабында алғаш рет жеңілді
Бішкектегі айқастан кейін Аманжол Өтеуовтің көрсеткіші екі жеңіс пен бір жеңіліс болды.
Ал Бакберген Убакиров төртінші жеңісіне қол жеткізіп, "жеңілмеген" деген мәртебесін сақтап қалды.
Бұл туралы не ойлайсыз?