Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әділет Қошқаров жеңілмеген қырғызстандықты жойқын нокаутқа түсірді

ММА шебері Әділет Қошқаров Бішкекте Octagon 93 турнирінде Нұрмұхаммед Абдулланы нокаутпен жеңді.

Әділет Қошқаров жеңілмеген қырғызстандықты жойқын нокаутқа түсірді
фото ашық дереккөзден алынды

Жекпе-жек тағдырын аяқпен жасалған соққы шешті

Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу екінші раундтың басында аяқталды. Абдулла қарсыласын партерге түсіруге ұмтылған сәтте Қошқаров оның әрекетін алдын ала аңғарып, аяқпен жойқын соққы жасады.

Соққыдан кейін қырғызстандық файтер еденге құлады. Рефери бірден араласып, айқасты тоқтатты. Қошқаров екінші раундтың 34-секундында нокаутпен жеңіске жетті.

Қошқаров қарсыласына алғашқы жеңілісін сыйлады

Бұл – 31 жастағы Әділет Қошқаровтың кәсіпқой аралас жекпе-жектегі төртінші жеңісі. Оның еншісінде бір жеңіліс бар.

Ал Нұрмұхаммед Абдулланың жеңісті сериясы Бішкектегі турнирде үзілді. Бұған дейін үш кездесуінде де басым түскен қырғызстандық спортшы кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?