Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Канеломен" бір залда жаттығатын қазақ ТОП-10-қа енді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет WBC ұйымының екінші орта салмақтағы рейтингінде бес саты жоғарылап, тоғызыншы орынға көтерілді.

"Канеломен" бір залда жаттығатын қазақ ТОП-10-қа енді
фото ашық дереккөзден алынды

WBC рейтингіндегі орнын жақсартты

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2026 жылғы қараша айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Бұған дейін 14-орында тұрған Бек Нұрмағанбет (17–0, 15 КО) енді тоғызыншы сатыға жайғасты.

Бұл салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы – мексикалық Сауль "Канело" Альварес. Ол қазан айының соңында франциялық Кристиан Мбиллиді жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген. Ал уақытша чемпион атағы гватемалалық Лестер Мартинесте қалды.

Екінші орта салмақтағы WBC рейтингі

Әлем чемпионы: Сауль "Канело" Альварес (Мексика).

  1. Диего Пачеко (АҚШ)
  2. Хамза Шираз (Ұлыбритания)
  3. Кристиан Мбилли (Франция)
  4. Кевин Леле Саджо (Франция)
  5. Лука Плантич (Хорватия)
  6. Вилкенс Матье (Канада)
  7. Бектемир Меликузиев (Өзбекстан)
  8. Каллум Симпсон (Ұлыбритания)
  9. Бек Нұрмағанбет (Қазақстан)
  10. Хосе Армандо Ресендис (Мексика)

Нұрмағанбет кейінгі жекпе-жегін 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында "Канело" – Мбилли бокс кешінде өткізді. Қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық Маркос Васкес Родригесті бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Бек Нұрмағанбет "Канеломен" бір залда жаттығып, белгілі бапкер Эдди Рейносоның жетекшілігімен дайындалады.

Бұл туралы не ойлайсыз?