Рүстем Құдайбергенов Шымкентте техникалық нокаутпен жеңді
Қазақстандық MMA файтері Рүстем Құдайбергенов Шымкентте Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде ресейлік Эжер Олчоновты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек турнирдің басты айқасы алдындағы кездесу болды. Құдайбергенов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.
Құдайбергенов бұл айқасқа тоғыз жеңіс және тоғыз жеңіліспен шыққан. Шымкенттегі жеңістен кейін оның көрсеткіші 10–9 болды. Бұған дейін төрт рет жеңіп, төрт рет жеңілген Олчонов бесінші жеңілісіне ұшырады. Оның қазіргі көрсеткіші – 4–5.
Жекпе-жектің шешуші сәтін төменнен көруге болады.
Бұл туралы не ойлайсыз?